Алматы облысының колледж директорларымен өткен семинар-кеңес туралы.

2017 жылдың 28 ақпан күні Алматы облысының білім саласындағы бақылау департаменті Талғар агробизнес және менеджмент колледжінде Алматы өңіріндегі колледж директорларымен семинар-кеңес өткізді. Департамент басшысы С.Досматова семинар-кеңеске қатысушыларға «Жалпыға бірдей тегін кәсіби-техникалық білім беру» жобасын іске асыру туралы ақпарат берді. Облыстық білім басқармасының техникалық және кәсіби білім беру бөлімінің басшысы А.Торебаева колледждерге екі деңгейлік дайындық жүйесін енгізу туралы айтып өтті. Білім саласындағы бақылау департаментінің бас маманы А.Жексенбаев соңғы екі жылда Алматы облысында білім беру қызметін лицензиялауды ұйымдастыру және іске асыру қорытындысымен таныстырды.

Leave a Reply