Алматы облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету Департаменті басшысының брифингі

 

 

2021 жылдың 13 мамырында Алматы облысы өңірлік байланыс қызметінің «Жетысу Медиа» ақпарат алаңында Алматы облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету Департаментінің басшысы Қабимолдаева Сәуле Нұраханқызының қатысуымен Департаменттің педагогикалық әдеп және педагогтің құқықтарын қорғау мәселелері бойынша қызметінің қорытындысы бойынша брифинг өткізілді.

Әрбір ұйымда әдеп жөніндегі Кеңестер құрылды. Бүгінгі күні облыс бойынша 944, оның ішінде мектептерде – 691, колледждерде – 62, балабақшаларда – 177 және қосымша білім беру ұйымдарында 14 Кеңес жұмыс жасауда.

Бұл жерде орган қызметі білім беру ұйымдары басшыларына қарсы емес, тек жанжалдық жағдайларды шешу мен алдын алуға бағытталғаны туралы спикер айта кетті.

Бүгінгі күнге консультативтік-кеңесші органның 3 отырысы өтіп, оларда ККО міндеттері, жұмыс жоспары, Қарасай аудандық білім бөлімі басшысының білім беру ұйымдарындағы педагогтік әдеп жөніндегі Кеңестердің атқарған жұмысы туралы есебі, аталған ауданның Алтын ауыл орта мектебі бастауыш сынып мұғалімдерінің 2 арызы қаралды.

«Бүгінгі брифинг өткізудің мақсаттарының бірі педагогтердің құқықтарын қорғау және педагогтік әдеп мәселелері жөніндегі консультативтік-кеңесші органның жұмысына облыс жұртшылығының, педагогтердің назарын аудару болып отыр. Барлықтарыңызды қоғамда педагогтің мәртебесін көтеру мен нығайту жұмысына белсенді ат салысуға шақырамын, Сіздердің педагог құқықтарының бұзылуы жайлы өтініштеріңіз, хабарларыңыз назардан тыс қалмай, олар бойынша тиісті шаралар қабылданатын болады» –  деп атап өтті.

 

 

Leave a Reply