Алматы облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету Департаменті басшысының брифингі

        2021 жылғы 16 сәуірде Алматы облысы өңірлік байланыс қызметінің «Жетысу Медиа» ақпарат алаңында Алматы облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету Департаментінің басшысы Қабимолдаева Сәуле Нұраханқызының қатысуымен Департаменттің 2021 жылдың 1 тоқсанында атқарған қызметінің қорытындысы бойынша брифинг өткізілді.

       2021 жылы  аймақтық Департаменттердің құрылғанына 10 жыл толуы атап өтіледі. Осы мерзім ішінде Департаментте негізгі элементтері мемлекеттік бақылау және рұқсат беру (лицензиялау) функцияларын жүзеге асыру болып келетін білім беру сапасын бағалаудың бірыңғай жүйесі қалыптасты.

         2021 жылдың бірінші тоқсанында мемлекеттік бақылау шараларымен 24 білім беру ұйымы қамтылып, оның ішінде 22 бару арқылы профилактикалық бақылау және 2 тіркелген өтініш бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Профилактикалық бақылаудың қорытындысы бойынша 22 мектепке тексеріс барысында анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым енгізілді. Жоспардан тыс тексерулердің нәтижесінде облыстық білім басқармасына аудандық білім бөліміне тиісті шаралар қолдану үшін хат жолданды және мектепке қатысты Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» Кодексінің 409 бабының 4-1 бөлімі бойынша әкімшілік өндіріс қозғалды.

       Жыл басынан 1 бастауыш мектепке  білім беру қызметімен айналысуға лицензия беріліп, 300-ге жуық мектептердің лицензиялары және (немесе) лицензияға қосымшалары қайта ресімделді. Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың толық болмауына байланысты 1 кешкі (ауысымдық) мектепке лицензия, 9-колледжге лицензияға қосымша беруден дәлелді бас тартылды. Білім туралы құжаттардың заңдылығын растау   бойынша келіп түскен 56 құжаттың барлығы апостильденді.

        «Педагог мәртебесі туралы» Заң педагогтердің құқықтық жағдайының сапалы жақсаруына, олардың әлеуметтік қорғалуына кепілдік береді. Қоғаммен, педагогтермен тығыз байланыс орнату, олардың сұранымдары бойынша нақты шаралар қолдану – департаменттің принциптік мәселесі. Осы мақсатта Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі А.Аймағанбетовтың тапсырмасы бойынша  Департамент жанында педагогтік әдеп және Алматы облысының білім беру ұйымдары педагогтерінің құқықтарын қорғау жөніндегі консультативтік-кеңесші орган (ККО) құрылды.

         Спикер шектеу шаралары кезіндегі   ақпараттық-түсіндіру жұмысының маңызды түрі педагогтер, ата-аналармен әлеуметтік желілер арқылы қарым-қатынас жасау екенін еске салды.   2021 жылдың 1-тоқсанында Instagram, Facebook, Telegramm әлеуметтік желілерінде 651 жариялым шықты.

Leave a Reply