Алматы облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысының брифингі

29 мамырда «Жетісу Медиа» ақпараттық алаңында онлайн режимде Алматы облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Сауле Нурахановна Кабимолдаеваның «Оқу жылының аяқталуы» тақырыбында брифингі өтті.

Оқу жылының аяқталуы, мектеп және колледждердің қашықтан оқытуға көшуі, қорытынды аттестаттаудың өтуі, «соңғы қоңырау» бойынша ақпарат ұсынылды. Департамент басшысы 2020 жылғы ҰБТ өткізудің өзгерістері туралы ақпаратпен бөлісті, сонымен қатар педагогтардың құқығын қорғау мәселесіне ерекше тоқталды.

ҰБТ барысында шектеу қойылатын және санитарлық шаралар күшейтіледі. Жергілікті атқару органдары мен ҚР БҒМ өкілдері тарапынан түлектердің қауіпсіздігіне байланысты қажетті шаралар толық қабылданады. Тесті тапсыратын тұлғалардың жауапкершілігі де күшейтіледі. С.Кабимолдаева мектеп бітірушілердің ата-аналарын вирустың қауіптілігін ескере отырып,  ҰБТ тапсыру орындарына бармауға шақырды.

Педагогтердің құқықтарын бұзғаны үшін лауазымды тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша шаралар қолдану ағымдағы жылдың 1-ші сәуірінен бастап Департамент құзырлығына қарасты. Педагогтардан артық есептілік талап ету, кәсіби міндеттеріне жатпайтын жұмыстарға тарту және заңнама талаптарына сай емес ақпартат талап ету фактілері болған жағдайда педагогтар Департаментке өтініш білдіре алады

Департамент әлеуметтік желілер, сайттар, call-орталықтары, телефон қоңыраулары арқылы білім беру саласына қатысты ақпаратты күнделікті анықтайды. Әлеуметтік желілердегі пікір, бірде-бір шалынған қоңырау назардан тыс қалдырылмайды.

Балаларды қорғау күнін өткізу және жазғы демалысты ұйымдастыру туралы департамент басшысының орынбасары Кулахметова Айымгүл Саиновна айтты.

БАҚ өкілдері өз сұрақтарына толық жауаптар алды. Брифинг соңында департамент басшысы С.Кабимолдаева «Хабар-24», «Жетісу» телеарналарына сұхбат берді.

Leave a Reply