Алматы облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің білім берудегі өзекті мәселелер бойынша бейне конференц байланыс арқылы кеңесі

 

     2020 жылдың 15 мамырында Алматы облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті тарапынан Іле және Талғар ауданының мектеп директорларымен бейне конференц байланыс арқылы кеңес өткізілді. Кеңесте өзекті сұрақтар қарастырылды,  оның ішінде жаңадан ашылған және атауы ауысқан мектептердің мерзімінде лицензия алуы, балалар құқығын қорғау, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға көмек, балалар үйінен тәрбиеленіп шыққан түлектерге қолдау көрсету, бару арқылы жүргізілген профилактикалық бақылау қорытындысы. Департамент басшысы Сауле Нурахановна Кабимолдаева Қазақстан Республикасының Білім және ғылым минстрлігінің білім беру ұйымдарының мұғалімдері толтыруға міндетті құжаттардың нақты тізімі көрсетілген 2020 жылғы 06 суірдегі №130 бұйрығы талаптарын орындай отырып, бұзушылықтарға жол бермей заң аясында жұмыс істеу керектігін ескертті. Бүгінгі күннің маңызды кезеңінің бірі- Ұлттық білім беру деректер қоры жүйесінің жаңаруы болып табылады. Енді баланың мектепке баруынан бастап, оқуды аяқтауына дейінігі барлық ақпарат бірыңғай базада жинақталады. Білім беру ұйымы басшыларынан дұрыс және толық мәлімет енгізу талап етіледі.

Leave a Reply