Алматы облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің жаңа талаптарға байланысты міндеттерінің сұрақтары бойынша бейнеконференц байланыс арқылы кеңесі

2020 жылдың 06 мамырында Алматы облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті аудандық, қалалық білім бөлімдерінің басшыларына бейнеконференц байланыс арқылы кеңес өткізді. Департамент басшысы С.Кабимолдаева төтенше жағдай барысындағы Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің жаңа талаптарға байланысты міндеттеріне тоқталды.

1) Рұқсаттық-бақылау жұмыстары (лицензия және лицензияға қосымша беру, апостиль қою).Департамент өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігіне рұқсаттық бақылау жүргізеді, алайда пандемия кезеңінде рұқсаттық бақылау жүргізу тоқтатылды. 2020 жылдың І жартыжылдығына 22 білім беру мекемесіне бару арқылы профилактикалық бақылау жоспарланған. Ақпан-наурыз айларында 10 мектепте бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізілді, қалған мектептерде пандемияға байланысты профилактикалық бақылаутоқтатылды. 2020 жылдың ІІ жартыжылдығында бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізілетін білім беру мекемелерінің тізімі бекітуге жіберілді. Бекітілген тізім Бас прокуратураның сайтына тіркеледі.

2) Балалардың құқықтарын қорғауға қатыстыжұмыстар. Департаменттің штаттық кестесіне,міндетіне бала асырап алу, қамқоршылық, балалардың қарусыз қалуына жол бермеу, тамақтандыру, тасымал, білім беру мекемелеріндегі демалыс және сауықтыру сұрақтары кіретін, бірлік қосылды. Аз уақыт ішінде жергілікті атқарушы органдардың көмегімен бірталай жұмыстар атқарылды: катетермен уақытында қамтамасыз ету, балалардың емін ұйымдастыру, көп балалалы отбасыларға, ата анасыз қалған балаларға көмек көрсету.
3) Педагогтердің құқығын қорғау Қазақстан  Республикасының «Педагог мәртебесі туралы» Заңы аясында жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2019 жылғы педагогтердің Республикалық тамыз конференциясында білім және ғылым саласының дамуына еліміздің лайықты азаматтарын тәрбиелеуде білікті педагогтерге басты міндет артты. Президент Заңның 6 бабында көрсетілген педагогті оның кәсіби міндеттеріне байланысты емес жұмыс түрлеріне тартуға, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген есептілікті не ақпаратты ұсынуды талап етуге, заңнамаларда көзделмеген тексерулер жүргізуге байланысты шараларға жеке тоқталып өтті. Ағымдағы жылдың 1-сәуірінен, департаменттерге, педагог құқығын бұзғаны үшін жауапты лауазымды тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша, өкілеттілік анықталды. ҚР әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексіне әкімшілік жауапкершілікке тартуда 20 АЕК-тен 120 АЕК-ке дейінгі айыппұл көлемі енгізілді. Білім беру ұйымдарында қашықтан оқыту ұйымдастырылған кезеңнен бері департамент білім саласына қатысты түскен сұрақтарға шұғыл жауап беру алгоритмін құрды. Біз күнделікті сайттарға, әлеуметтік желілерге, телефон арқылы және call-орталықтарына Алматы облысындағы білім саласына қатысты түскен ақпараттарды анықтаймыз.  Келеңсіз деректер және бұзушылықтар жергілікті атқарушы және мемлекеттік органдардың қатысуымен шұғыл түрде қарастырылып, көмек көрсету шаралары қолданылады. Жергілікті атқарушы органдардың, аудандық білім беру бөлімдерінің көмегімен қажетететін отбасыларға компьютерлік техника берілу, интернетке қолжетімділік және оқыту бағдарламаларын пайдалану мәселелері бойынша нақты көмек көрсетілді. Педагогтер және ата-аналар арасында оқу бағдарламасының мазмұнынан бастап және  үй тапсырмасы, мектеп құрылысын жоспарлау және күрделі жұмыс жүргізуге дейінгі сұрақтар бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу де маңызды болып есептеледі.

С. Кабимолдаева ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2020 жылдың 05 мамырында өткен аппараттық кеңесте айтылған тапсырмалардыорындау аса қажет екендігін ерекше атап өтті: білім беру мекемелеріндегі есептілікті азайту, білім беру мекемелеріне (балабақша, мектеп, колледж, ЖОО) «Электронды үкімет» порталы арқылы қабылдау.

 Өзекті мәселе – ҰБТ. Биылғы жылы ҰБТ тапсыру үшін құжаттар онлайн режимінде және дәстүрлі түрде қабылданады. Тест тапсыру форматы өзгермейді. Тек жоғары оқу орнына қабылдау рәсімі өзгерді. Талапкер өту балын жинай алмаған жағдайда, жыл бойы тестті қайта тапсыруға құқығы бар болады. ҰБТ қорытындысы бойынша сертификат қағаз түрінде емес электронды түрде болады.

 

Leave a Reply