Алматы облысының Білім саласындағы бақылау департаментінің 2017 жылдың І-жартыжылдығында Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы бойынша мәлімет

Алматы облысының Білім саласындағы бақылау департаменті (бұдан әрі-Департамент) тарапынан Қазақстан Республикасының 2007 жылғы              27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының 57 бабына, 2014 жылғы 16 мамырдағы №202–V «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңының 29 бабына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы»  2015 жылғы 17 маусымдағы №391 бұйрығына сәйкес білім беру қызметімен айналысуға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру, білім беру ұйымының қайта ұйымдастырылуына байланысты білім беру қызметімен айналысуға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу жұмыстары заңмен белгіленген уақытта жүргізілуде.

Алматы облысының білім беру мекемелеріне «Білім беру қызметін лицензиялау» мемлекеттік қызметі электронды «elicense.kz» ақпараттық жүйе арқылы Білім және ғылым министрінің 25.04.2015 жылғы                         №204 бұйрығымен (ҚР БҒМ 25.03.2016 жылғы №218 бұйрығы) бекітілген «Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты негізінде көрсетіледі.

Ағымдағы жылдың 1-жартыжылдығында департаменттің «Е-лицензиялау» мемлекеттік мәліметтер базасында тіркелген өтініштердің 177-не мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде, лицензия алуға-24, лицензияға қосымша-125, лицензияны қайта ресімдеуге-28. Қорытындысында 5 лицензия, 34 лицензияға қосымша беріліп, 20 қайта ресімделді, дәлелді бас тартылғаны-118.

Кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарына 141 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде, лицензия алуға-6, лицензияға қосымша-122, лицензияны қайта ресімдеуге-13. Қорытындысында 1 лицензия, 33 лицензияға қосымша беріліп, 9-ы қайта ресімделді, дәлелді бас тартылғаны-98.

Жалпы білім беретін мектептерге көрсетілген 36 мемлекеттік қызметтің 18-і лицензия алуға, 3-і лицензияға қосымша, 15-і лицензияны қайта ресімдеуге. Нәтижесі бойынша білім беру қызметімен айналысу үшін 4 лицензия, 1 лицензияға қосымша берілсе, 11 қайта ресімделді, дәлелді бас тартылғаны-20.

Ағымдағы жылдың 1-тоқсанында департаменттің «Е-лицензиялау» мемлекеттік мәліметтер базасында тіркелген өтініштердің 56-на мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде, лицензия алуға-15, лицензияға қосымша-26, лицензияны қайта ресімдеуге-15. Қорытындысында 1 лицензия, 2 лицензияға қосымша беріліп, 9 қайта ресімделді, дәлелді бас тартылғаны-44.         Кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарына 33 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде лицензия алуға-5, лицензияға қосымша-23, лицензияны қайта ресімдеуге-5. Қорытындысында 1 лицензия, 1 лицензияға қосымша беріліп, 2 қайта ресімделді, дәлелді бас тартылғаны-29. Жалпы білім беретін мектептерге көрсетілген 23 мемлекеттік қызметтің 10-ы лицензия алуға, 3-і лицензияға қосымша, 10-ы лицензияны қайта ресімдеуге. Нәтижесі бойынша білім беру қызметімен айналысу үшін лицензия берілмеді, 1 лицензияға қосымша берілсе, 7 қайта ресімделді, дәлелді бас тартылғаны-15.

Ағымдағы жылдың 2-тоқсанында департаменттің «Е-лицензиялау» мемлекеттік мәліметтер базасында тіркелген өтініштердің 121-не мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде, лицензия алуға-9, лицензияға қосымша-99, лицензияны қайта ресімдеуге-13. Қорытындысында 4 лицензия, 32 лицензияға қосымша беріліп, 11 қайта ресімделді, дәлелді бас тартылғаны-74. Кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарына 108 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде, лицензия алуға-1, лицензияға қосымша-99, лицензияны қайта ресімдеуге-8. Қорытындысында 32 лицензияға қосымша беріліп, 7 қайта ресімделді, дәлелді бас тартылғаны-69. Жалпы білім беретін мектептерге көрсетілген 13 мемлекеттік қызметтің 8-і лицензия алуға, 5-і лицензияны қайта ресімдеуге. Нәтижесі бойынша білім беру қызметімен айналысу үшін 4 лицензия берілсе, 4 қайта ресімделді, дәлелді бас тартылғаны-5.

Leave a Reply