Білім туралы құжаттарды апостилдеу – шетелде білім алуды немесе жұмыс жасауды жоспарлаған адамдардың білім туралы құжаттарына қол қойған тұлғаның қолтаңбасының түпнұсқалылығын куәландыру және оның өкілеттіктерін растау, сондай-ақ осындай құжат бекітілген мөрдің немесе мөртабанның түпнұсқалылығын растайтын міндетті рәсім.
Облыстағы білім органдары мен білім беру мекемелерінен шыққан ресми құжаттарды апостилдеу үшін, міндетті түрде Алматы облысының білім саласындағы бақылау Департаментіне хабарласу керек.
Мекен-жайы: Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі 27, кабинет 105 «б».
Байланыс тел.: 8(7282)24-28-39, 24-75-13.
Жұмыс күндері: дүйсенбі-жұма, сағат 9.00-18.30.
Демалыс күндері: сенбі-жексенбі
Түскі үзіліс: 13.00.-14.30.