
Ағымдағы жылдың 22 тамызында білім сапасын сырттай бақылау бөлімінің басшысы Ажикенова Г.С. Кеген ауданы Бескөл негізгі мектебінде, 23 тамызында Райымбек ауданы Талип Мұсақұлов атындағы орта мектебінде және бас маман Орынбаева В.В. 22 тамызында Талғар ауданы №4 «Ветерок» балабақшасы ұжымдарымен «Мектептерде сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында кездесу өткізді. Кездесу барысында мектеп, балабақша ұжымымен білім беру ұйымдарында парасаттылық пен адалдық қағидаттарын нығайту, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру үшін жұмыстар жүргізілуі қажет екенін айтып өтті.