Алматы облысының Білім саласындағы бақылау департаменті (ары қарай-БСБД) ағымдағы жылы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен (ары қарай-МҚІСЖҚА) біріге отырып, мектеп қабырғасында ақылы тестілеудің «мәжбүрлі» жүргізілу фактілерін тоқтату жұмыстарын жүргізді.

Нәтижесі МҚІСЖҚА Департамент басшысының орынбасары Данияр Сабирбаев басшылық ететін арнайы мониторинг тобының отырысында қаралып, облыс әкіміне, облыстық білім басқармасының басшысына хаттар жіберілді. Арнайы мониторинг тобы шығып, облыс көлемінде білім беру саласының басшыларына, мектеп директорларына, ұстаздар мен ата-аналарға Талдықорған қаласы №24 мектеп лицейі базасында жалпы жиналыс өткізіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Нәтижесінде облыс әкімінің тапсырмасы бойынша биылғы оқу жылына дайындық тестілеу жүргізуге бюджеттен қаражат қарастырылуда

19.09.2018ж. МҚІСЖҚА, облыс әкімдігі және облыстық білім басқармасымен біріге отырып Талдықорған қаласы №25 орта мектебінде облыстың білім беру саласының басшыларына, мектеп директорларына «Параға емес, биікке ұмтыл» атты кеңес өткізілді. Кеңес барысында нақты фактілер көрсетілді және  ақылы тестілеудің «мәжбүрлі» жүргізілуі заңсыз екендігі айтылды.

Бүгінгі күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат Департаментінің басшысы Д.Сабирбаев 11.09.2018ж. Астана қаласында орта білім ұйымдарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесі бойынша өткен жиында  жоғарыда аталған мәселенің Алматы облысындағы алдын алу жұмыстарын үлгі ретінде атап өтті.

Leave a Reply