Алматы облысының білім беру жүйесінің қашықтықтан оқыту форматына көшуі бойынша онлайн-брифинг

2020 жылдың 04 сәуірінде «Жетісу медиа» ақпараттық алаңында «Білім беру мекемелерінде қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру» тақырыбында онлайн-брифинг өтті. Брифинг спикерлері Алматы облысы әкімінің орынбасары Байжуманов Батыржан Кулаймергенович, облыстық білім басқармасының басшысы Омарова Майгуль Тлеутаевна, облыстық білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Кабимолдаева Сауле Нурахановна төртінші тоқсаннан бастап облыс мектептерінде қашықтықтан оқытуды жүзеге асыруға байланысты жүргізіліп жатқан дайындық туралы толық таныстырып өтті.

Облыс әкімі орынбасарының мәліметі бойынша облыстағы 760 мектепте 411 036 оқушы оқиды, оның ішінде 93%-да компьютерлік техника бар, 91%-на интернет желісі қолжетімді. 10461 мектеп компьютері оқушыларға уақытша пайдалануға берілді. 40,8 млн. теңгеге 159 дана компьютер сатылып алынды, сонымен қатар, 238,9 млн. теңгеге компьютерлер және техникалық құралдар сатып алынуда. Оқушылар білім алумен интернет желісі, республикалық «Балапан» және «Ел арна» телеарнасы, «Күнделік» ақпараттық жүйе, электронды пошта және курьерлер арқылы қамтылады.

Алматы облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы С.Кабимолдаева Білім және ғылым министірі Қ.Аймағамбетовтың қашықтықтан оқыту бойынша білім беру ұйымдарынан және педагогтерден есеп талап етпеу керектігін, педагогтер мен оқушылардың құқықтарын және жеке мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету керектігі туралы сөздерін еске салды.

Білім беру ұйымдарының қашықтықтан білім беру технологиясына тиімді ауысуына барынша көмек көрсетіледі.

 

 

 

Leave a Reply