Алматы облысының БССҚД-де Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Ж.С.Жұмабаевтың қатысуымен жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша семинар өтті

Алматы облысының БССҚД-де Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Ж.С.Жұмабаевтың қатысуымен жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша семинар өтті.

      Өз сөзінде Ж.Жұмабаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға енгізілген өзгерістер, сыбайлас жемқорлық бұзушылықтар үшін жауапкершіліктің күшейтілгені, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тарапынан жүзеге асырылып жатқан жобалар жайлы айтты. Семинарға қатысушыларға ақпараттық профилактикалық мазмұндағы бейне роликтер көрсетілді.

      БССҚД басшысы Қабимолдаева С.Н. Департаменттің бақылау шараларын жүргізу, лицензиялау, апостильдеу кезіндегі сыбайлас   жемқорлық тәуекелдерін төмендету бойынша жұмыс тәжірбиесімен бөлісті. Сыбайлас   жемқорлыққа қарсы күресте профилактикалық шаралардың маңыздылығын айта келе, екі мекеменің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыру саласында тығыз байланыста жұмыс атқаратынына сенім білдірді.

Leave a Reply