Алматы облысындағы кәсіптік және техникалық білім беруде сапаны қамтамасыз ету

Әлемде коронавирустық инфекция таралуының қауіптілігі жағдайында білім беру саласында қашықтық форматында түрлі шаралар жүргізілуде. Колледждерде қашықтан оқыту барысында мемлекеттік органдар мен білім беру мекемелерінің бірлесе отырып шешімін табатын бірқатар сұрақтар анықталды. Алматы облысының білім саласындағы сапаны  қамтамасыз ету департаменті  ағымдағы жылдың 12 мамыр күні  облыстағы кәсіптік және техникалық білім беру мекеме басшыларымен бейне конференц байланыс арқылы кезекті жұмыстық отырысын өткізді. Колледж басшылары мен педагогтерге департамент тарапынан ұсыныстар берілді.

Жиында қашықтан оқыту жағдайындағы мәселелерді саралаудан басқа Қазақстан Ресупубликасының «Педагог мәртебесі туралы» Заңы мен  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2020 жылғы 06 сәуірдегі №130 бұйрығында қарастырылған педагогтерден шамадан тыс  есеп  беруді талап етуге тыйым салынатыны айтылды. Аталған бұйрыққа сәйкес кәсіптік және техникалық білім беру мекемелерінде педагогтерге 6 түрлі, директордың орынбасарларына 10 түрлі құжат жүргізу қарастырылған, мекеме басшысы жоспарлы құжаттарды жүргізеді.

Кәсіптік және техникалық білім беру мекемелерінде оқу-тәрбие жұмысы білім саласындағы нормативті құқықтық актілермен реттелген, және колледж басшылығы мен әкімшілігі тарапынан білім саласындағы заңнама талаптарын бұзушылық фактілерне жол бермеуге байланысты жоспарлы жұмыс жүргізілуі қажет.

Leave a Reply