Аймақтағы кездесу

Алматы облысының Білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы С.Ж.Досматова ағымдағы жылдың 14 наурызда Білім саласындағы бақылау департаментінің қызметі туралы ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында Текелі қаласындағы мектеп, ТжКББ ұйымдары басшыларымен және балабақша меңгерушілерімен кездесіп жиын өткізді.

Жиын барысында С.Ж.Досматова БСБД-нің міндеті, жаңа форматтағы мектеп бітірушілердің қорытынды аттестаттауы, ұлттық білім беру деректер қорын сапалы толтыру, білім беру ұйымдарының объективті өзін-өзі бағалау деңгейін көтеру мәселесі бойынша айтып өтті. Сонымен қатар, 2016 жылғы білім беру ұйымдарында өткізілген бақылау іс-шараларының қорытындысы туралы айтылды. С.Ж.Досматова жұмыс сапары барысында педагогтармен, ата-аналар қауымдастығымен кездесті және Текелі кәсіптік колледжінің жұмысымен танысты.

     

Leave a Reply