Аймақтағы кездесу

Алматы облысының Білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы С.Ж.Досматова ағымдағы жылдың 29-31 наурызда Білім саласындағы бақылау департаментінің қызметі туралы ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында Іле ауданындағы мектеп, ТжКББ ұйымдары басшыларымен және балабақша меңгерушілерімен кездесіп жиын өткізді.

Жиын барысында С.Ж.Досматова БСБД-нің міндеті, жаңа форматтағы мектеп бітірушілердің қорытынды аттестаттауы, ұлттық білім беру деректер қорын сапалы толтыру, білім беру ұйымдарының объективті өзін-өзі бағалау деңгейін көтеру мәселесі бойынша айтып өтті. Сонымен қатар, жиында білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің басшысы Ажикенова Г.С. 2016 жылғы білім беру ұйымдарында өткізілген бақылау іс-шараларының қорытындысы туралы мәлімдеді. С.Ж.Досматова жұмыс сапары барысында 2 колледж, 1 балабақша, 6 мектепті аралап, педагогиқалық ұжыммен және ата-аналармен кездесті.

Leave a Reply