Аймақтағы кездесу

Алматы облысының Білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы С.Ж.Досматова ағымдағы жылдың 27-28 ақпанында Білім саласындағы бақылау департаментінің қызметі туралы ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында Қапшағай қаласындағы мектеп, ТжКББ ұйымдары басшыларымен және балабақша меңгерушілерімен кездесіп жиын өткізді.

Жиын барысында С.Ж.Досматова БСБД-нің міндеті, жаңа форматтағы мектеп бітірушілердің қорытынды аттестаттауы, ұлттық білім беру деректер қорын сапалы толтыру, білім беру ұйымдарының объективті өзін-өзі бағалау деңгейін көтеру мәселесі бойынша айтып өтті. Сонымен қатар, 2016 жылғы білім беру ұйымдарында өткізілген бақылау іс-шараларының қорытындысы туралы айтылды. С.Ж.Досматова жұмыс сапары барысында 9 мектепті аралап, педагогиқалық ұжыммен және ата-аналармен кездесті.

Leave a Reply