Жиі қойылатын сұрақтар

1-cұрақ. Білім туралы құжат (диплом, аттестат) шет елде берілген. Қазақстанда оқуды жалғастыру немесе жұмыс істеу үшін Дипломды нострификациялау керек пе? Нострификацияға қандай құжаттар қажет?

Жауап. Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау рәсіміне қажетті құжаттар тізбесі:

1) білім туралы құжаттарды тану/нострификациялау туралы өтініш;

2) білім туралы құжаттың және оған мынадай ақпараттары бар қосымшаның нотариалды куәландырылған көшірмесі (білім туралы құжаттың және оған қосымшаның мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен бірге): оқу пәндерінің тізбесі, өтілген оқу пәндері мен практикаларының сағат/кредит көлемі, алған қорытынды бағалары, курстық және оқу бітіргендегі біліктілік жұмыстары, басқа да оқу процесін құрайтын қосымша (бар болған жағдайда);

Көрсетілетін қызметті алушы осы тармақтың 2) тармақшаларында көрсетілген білім туралы апостильденген не заңдастырылған құжаттарын немесе оқығанын және білім туралы құжат алғанын растайтын оқу орнынан мұрағаттық анықтама ұсынады;

3) бiлiм туралы құжат иесiнің жеке басын растайтын куәлігі (жек басын сәйкестендіру үшін);

Қазақстан Республикасының резиденті емес тұлғалар үшін білім туралы құжат иесінің жеке басын растайтын құжаттың нотариалды расталған көшірмесі (мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен бірге).

Егер білім туралы құжат иесі оны алғаннан кейін тегін, атын немесе әкесінің атын ауыстырса, тегін, атын немесе әкесінің атын ауыстырғаны туралы немесе неке туралы немесе некені бұзу туралы акт жазбасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесін ұсынуы қажет (түпнұсқа салыстырған соң қайтаруға жатады);

4) оқу орнының мөрімен расталған білім туралы құжатты (негізгі орта, жалпы орта білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды қоспағанда) берген оқу орнын аккредиттеу туралы куәліктің және/немесе лицензияның көшірмесі (мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен бірге). Оқу орнының лицензиясының және/немесе аккредиттеу туралы куәлігінің көшірмесі болмаған жағдайда, білім туралы құжатты берген білім беру ұйымы туралы ақпаратты (сайттарға немесе басқа да дереккөздерге сілтеме жасай отырып) ұсыну қажет;

5) уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын құжаты (сәйкестендіру үшін) және өкілдікке өкілеттілікті куәландыратын құжат – көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде;

6) төлем туралы түбіртек.

Құжаттарды қабылдау білім туралы құжаттың иегерінің өтініші бойынша немесе заңнамада белгіленген тәртіппен ресімделген сенім хаты бар уәкілетті тұлға арқылы жүргізіледі.

Құжаттарды қарау мерзімі 4 айды құрайды. Тездетіп қарау қарастырылмаған.

Білім туралы құжаттарды тану рәсімінен өткізуге жауапты орган Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы болып табылады. Мекен жайы: Астана қаласы, Қабанбай батыр, 28, байланыс телефондары: 8(7172) 28-75-31, 28-75-30, 28-75-35, 28-75-33, 28-75-24.

Сондай-ақ құжаттарды қабылдау өтініш берушінің тұрғылықты жерінде орналасқан халыққа қызмет көрсетру орталықтары арқылы жүзеге асады.

2-cұрақ. Тану деген нені білдіреді?

Жауап. Білім туралы құжатты тану – бұл уәкілетті органның шетелдік білім туралы құжат иегерлерінің Қазақстан Республикасында оқуын жалғастуру немесе кәсіби қызметпен айналасу үшін шетелдік білім туралы құжатты ресми тануы. Бұл рәсім халықаралық шарт (келісім) негізінде жүзеге асады.

Еуразиялық экономикалық одақ шартының XXVI тарамағына сәйкес (97 бабы 3 тармақша «Мүше-мемлекет еңбекшілерінің еңбек қызметі») 2015 жылдың 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасында еңбек-мигранттары үшін Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Қырғыз Республикасы және Армения білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар заңнамада бегіленген рәсімнен тыс танылады.

Сонымен қатар, мүше-мемлекет еңбекшілері Қазақстан Республикасында педагогикалық, заң, медицина және фармацевтика қызметімен айналасуға үміт білдіргендер үшін заңнамада бегіленген тәртіппен білім туралы құжаттарды тану рәсімнен өтуі тиіс, содан кейін Қазақстан Республикасында өз қызметіне кірісе алады.

Қазақстан Республикасында оқуын одан-әрі жалғастыруға мүде танытқандар азаматтар үшін, шетелде алған білім туралы құжаттары заңнамада белгіленген тіртіппен тану рәсімінен өтуі тиіс.

3-cұрақ. Нострификация деген нені білдіреді?

Жауап: Білім туралы құжатты нострификациялау – шетелде, халықаралық және шетелдік білім беру ұйымдары (филиалдары) берген білім туралы құжаттың баламалығын анықтау мақсатында жүргізіледі. Аталған рәсім халықаралық шарт (келісім) болмаған жағдайда жүргізіледі.

4-cұрақ. Апостиль дегеніміз не?

Жауап: Апостиль консулдық заңдастырудың қысқартылған түрі болып саналады. 1961 жылы Гаага Конвенциясына қатысушы-елдер өзара елдер арасындағы білім туралы құжаттар «апостиль» мөрімен расталып, жүзеге аса алатыны туралы Келісімге қол қойды. Апостиль мөрінің өзі өкілетті тұлғаның және құжатқа қойылған мөрдің түпнұсқалығын растайды. Апостиль қою арқылы Гаага Конвенциясына қатысушы-елдер аймағында еркін іс-әрекет етуге кепілдік береді. Апостиль қоюшы тұлғалар құжатқа қойылған қолдың, мөрдің түпнұсқалығын растап, оның сапасына жауап береді. Қоса тіркелген апостиль бланкісіне, оған қойылған мөрге жауапты. «Қазақстан Республикасының білім, ғылым органдарынан және оқу орындарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызметін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі жүзеге асырады.